Алматыда алимент бойынша борышкерлерден 85 көлік тәркіленеді прокуратура

12.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Медеу ауданы прокуратурасының мәліметінше, жүргізілген ревизия нәтижесінде 54 борышкердің түрлі жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бар екені анықталған. Қазіргі уақытта оларға тиесілі 85 көлікті тәркілеу туралы жеке сот орындаушыларға бағдар берілді.

— Қабылданған шаралардың нәтижесінде 20 млн теңгеден астам алимент қарызы өндірілді. Сонымен қатар 5 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 1 алимент төлемеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады құқық қорғау органы.

Еске салайық, ТМД кеңістігінде алимент бойынша сот бұйрықтарын тану тетігі енгізіледі.

Сондай-ақ алимент төлеуден қашып жүрген такси жүргізушілері жаңа тәсілмен анықталатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью