Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана
17 тамызда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13 градус, күндіз +21…+23 градус болады.
18 тамыз: көшпелі бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+10 градус, күндіз +20…+22 градус болады.
19 тамыз: көшпелі бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады. Ауа температурасы түнде +8…+10 градус, күндіз +22…+24 градус болады.
Алматы17 тамызда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +21…+23 градус, күндіз аптап ыстық — +33…+35 градус болады.
18 тамыз: көшпелі бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +31…+33 градус болады.
19 тамыз: көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус болады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу