Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Ашық дереккөз
Алматы және Алматы облысы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кисебаевтың айтуынша, 16 шілдедегі бұған дейінгі рекорд 1976 жылы тіркелген. Ол кезде ауа температурасы +36,1 градус болған. Жаңа көрсеткіш бұрынғы рекордтан 1,9 градусқа жоғары.
Сонымен қатар Алматыдағы шілде айындағы абсолютті температуралық рекорд әзірге жаңарған жоқ. Ол +43,4 градусты құрайды және бұл көрсеткіш 1983 жылы тіркелген.
Астанада 1992 жылғы рекорд жаңарды: Ауа температурасы +38,6 градусқа жетті
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, алдағы күндері қалада аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі, жауын-шашын күтілмейді.
Бұған дейін «Қазгидромет» мамандары қазіргі ыстық ауа райының қалыптасуына екі негізгі фактор әсер еткенін түсіндірген болатын. Олар – Орта Азия мен Ираннан ыстық ауа массаларын алып келген тұрақты антициклон және климаттың ұзақ мерзімді өзгеруі.
Сарапшы: Қазақстан аптап ыстық пен су тапшылығына дайындалуы керек