Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. Алматыда жыл басынан бері 1,3 мыңнан астам автокөліктің ауаға шығаратын зиянды қалдықтары белгіленген нормадан асатыны анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Eco Almaty өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері жүргізілген мониторинг барысында 5 496 автокөлік тексерілген.
"Оның 1 301-інен, яғни тексерілген әрбір төртінші көліктен шығарылатын зиянды заттардың белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталды", - дейді әкімдік.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.