Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматыда көрші елдерден дәрі-дәрмектерді, соның ішінде күшті әсер ететін препараттарды контрабандалық жолмен әкеліп, кейіннен еліміздің дәріхана желілері арқылы сатып келген төрт фармацевтикалық компанияның қызметіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматыда көрші елдерден дәрі-дәрмектерді, соның ішінде күшті әсер ететін препараттарды контрабандалық жолмен әкеліп, кейіннен еліміздің дәріхана желілері арқылы сатып келген төрт фармацевтикалық компанияның қызметіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жайыТергеу барысында күдіктілердің дәрі-дәрмектерді, соның ішінде психотроптық заттары бар препараттарды қолдан жасаумен де айналысқаны анықталды.
"Бірнеше қойма мен жасырын өндірістік цех табылды. Контрафактілік өнім антисанитарлық жағдайда дайындалғандықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген", - деп хабарлады ведомство.
Мұндай препараттарды қолдану адам үшін қайтымсыз зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екендігі атап өтілді.
"Шенеуніктердің қатысы бар"Фармацевтикалық бақылау департаментінің ақшалай сыйақы үшін ұйымдастырушыларға қамқорлық көрсетіп келген лауазымды тұлғалары анықталып, ұсталды. Олардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сараланды.
"Тауар айналымы мен қаржы ағындарын талдау нәтижесі контрабандалық және контрафактілік қызметтің көлеңкелі схемалары бар екенін растады. Бұл ретте, алдын ала мәліметтер бойынша, өткен жылы мемлекетке 800 миллион теңгеден астам сомаға салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төленбеген", - деп мәлімдеді ІІМ.
Сонымен қатар бірлескен арнайы операция барысында заңсыз айналымнан ірі көлемде ақшалай қаражат, ондаған мың қорап қолдан жасалған препараттар, соның ішінде айналымы шектелген дәрілер, сондай-ақ оларды дайындауға арналған жабдықтар мен шикізат тәркіленді.
"Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деп нақтылады ІІМ.
Сондай-ақ тергеудің құқыққа қайшы әрекетке қатысы бар барлық тұлғаларды, дәрі-дәрмектерді жеткізу арналарын, соның ішінде шетелден келетін жолдарды анықтап жатқаны хабарланды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу