Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
9 наурыз күні Алматы қаласында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары хабарлап, мегаполис тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін табиғи факторлардың жиынтығы. Оларға әлсіз жел, тұман және инверсия құбылысы жатады.
Аталған факторлар қаладағы тұмшаның сейілмеуіне және ауада зиянды қалдықтардың ұзақ уақыт сақталуына әкеледі. Соның салдарынан ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына бірнеше сақтық шарасын ұстануға кеңес береді:
- тасжолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ уақыт жүрмеу;
- өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім адамдар өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүру;
- ауа райы жақсарғанша ашық аспан астында спортпен шұғылданудан және ауыр физикалық жұмыс істеуден бас тарту.