Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Полицияның хабарлауынша, бұл қылмыс 2024 жылы жасалған. Тергеу мәліметінше, үш адамнан құралған топ қорқыту және күш қолдану арқылы шамамен 3 миллион теңге көлеміндегі ақшаны заңсыз иемденген.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қылмысқа қатысы бар екі адам дереу ұсталып, сот үкімімен жазаланған. Ал үшінші күдікті оқиға орнынан бой тасалап, кейіннен іздеу жарияланған.
Іздеуде жүрген адамның жүрген жері анықталып, ол ұсталды.
— Күдікті бір жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген. Мақсатты әрі жүйелі жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оның орналасқан жері анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады, — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында барымтамен айналысқан қылмыстық топ ұсталғанын жазғанбыз.