Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оқиғаны қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жол-көлік оқиғасы 12 тамызда сағат 12:20-да Бостандық ауданындағы Мұстафин көшесінде болған.
Полицияның мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус оңтүстік бағытта келе жатып, жолды шығыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан 1996 жылы туған әйелді қағып кеткен. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.