Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қыздың сыртқы келбетіне қатысты ескерту жасаған. Бұған ашуланған қыз оған тап берген. Қасындағы жолаушылар жанжалдың төбелеске ұласпауына араша түскен.
Желі қолданушылары қыздың батылдығына сүйсініп, пікірлерінде оның өзін қорғағанын дұрыс деп бағалаған. Алайда полиция оның автобус ішінде балағат сөздер айтқанына назар аударған.
"Жанжалдың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда балағат сөздер айтылғаны көрінеді. Полицейлер оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтап, болған жағдайға құқықтық баға берді. Алматының 27 жастағы тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – деп хабарлады қалалық полиция.
Сот қызға 20 АЕК, яғни 86 500 теңге айыппұл салды.
"Ашуға берілу жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық көлікте балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған адам да жазаға тартылады", – деп ескертті полиция.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Бұған дейін Алматы тұрғындарының аутизмі бар қызға көмектескені хабарланған еді. Олар баланы көшеде жалғыз әрі киімсіз жүрген жерінен тапқан. Сол күні қыз әжесінің қарауында болған, алайда бір сәтте үйден жүгіріп шығып, адасып кеткен.