Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Әлеуметтік желілерде Алматыда автобус жүргізушісі мас күйінде көлік айдап, жол апатына түсті деген ақпарат тарады. Бұл жағдайға қала полициясының баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Алматыда автобус жүргізушісі мас күйінде көлік айдап, жол апатына түсті деген ақпарат тарады. Бұл жағдайға қала полициясының баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Threads желісінде бір қыз жазба жариялады.
"Көлік тізгіндеп келе жатқан құрбыма автобус соқтығысыпты. Жүргізуші мас! 22-маршрут. Жол полициясын күтіп тұрған кезде, ол қашып кетіпті. Автобустарға не болды өзі? Ұшып айдайды, басып озады, аялдамаларда тоқтамайды. Оның үстіне, мас болып рөлге отырады!" - деп жазды автор.
Threads-тегі жазбаның скриншоты
Полиция не дейді?Алматы қалалық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Полицияға ешқандай өтініш, хабарлама немесе арыз түскен жоқ. Тексеру барысында жазба авторы анықталды, кейін ол хабарламасын өшірді. Көрсетілген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыда №92 автобус жүргізушісі қайтыс болғаны хабарланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамда жедел миокард инфаркті болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться