Алматыда Баум тоғайын абаттандыру жұмыстары 1 маусымға дейін аяқталады

06.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

- Абаттандыру жұмыстарының аяқталу мерзімі 2026 жылдың 1 маусымына дейін қойылды. Жоба бойынша 15 шілдеге дейін болған. Сондықтан балаларды қорғау күніне орай біз аумақты толығымен ашуды жоспарлап отырмыз, - деді Алмасхан Сматлаев.

Оның айтуынша, мегаполистің ең көрнекті табиғи аумақтарының бірінде тек экологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

- Кеңес Одағы кезінен бері тұрған қауіпті ойын алаңдары – экологиялық таза, ағаш ойын алаңдарына ауыстырылады. Бейнекамералар орнатылады, жарықтандыру жақсартылады және үш полиция бекеті орналастырылады. Өйткені кешкі уақытта сол жерде жүрсеңіз, аумақтың қауіпті екенін көз жеткізесіз, - деді ол.

Өткен жылы Баум тоғайындағы заңсыз ағаш кесу деректері туралы пікір білдірген әкімнің орынбасары тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және тергеу полицияның қарауында екенін атап өтті.

Еске салайық, Баум тоғайы Алматы әкімдігінің меншігінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. Нысанның ауданы 139 гектардан асады. Тоғай аумағында ағаштардың 49 түрі өседі.

Бұған дейін Алматыдағы Баум тоғайында белгісіз адамдар ағаштарды заңсыз кескенін жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью