Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Желіде Алматыда жасөспірімге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды, белгісіз біреу оның гитарасын тартып алған. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ПД-не сілтеме жасап.
Qumash Telegram-арнасының хабарлауынша, Парковая көшесіндегі дүкеннің жанында белгісіз ер адам 12 жасар балаға тап беріп, гитарасын тартып алған. Анасының айтуынша, шабуылдаушының қолында пышақ болған және ол балаға сонымен сес көрсеткен.
«Сатушы айғайды естіп, далаға жүгіріп шыққан. Ол қашып бара жатқан адамды біреу тоқтатсын деп айғайлаған. Соңында әлгі адам гитараны тастай салып, бой тасалаған», - делінген жарияланымда.
Айта кететін жайт, әйел дәлелдердің аздығынан полицияға жүгінбеген. Оның айтуынша, видеода шабуылдаушының бет-әлпеті көрінбейді.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық объективті мән-жайларын, сондай-ақ инцидентке қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», - деп атап өтті полициядан.
Оқиғаға Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерлан да үн қосты.
«Бала медициналық көмекке мұқтаж емес. Алматы қалалық балалардың құқықтарын қорғау басқармасы тарапынан психологиялық қолдау ұсынылды. Мен баланың анасымен байланыстамын», - деп хабарлады Диана Ерлан өзінің Instagram парақшасындағы stories-те.