Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Алматыдағы Ядролық физика институтына барды.
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии
Онда медициналық диагностикаға (соның ішінде қатерлі ісікті анықтауға) қажетті радиоизотоптарды өндіруге арналған бөлшектер үдеткіші — Бельгияда жасалған циклотрон көрсетілді.
"Қонақтар институттың ғылыми-өндірістік инфрақұрылымымен танысып, жаңа Cyclone-18/9 циклотрон кешені мен WWR-K зерттеу реакторын аралады", — делінген хабарламада.
Агенттік серіктестіктің маңызды нәтижесі ретінде 2014 жылы бельгиялық IBA компаниясының Cyclone-30 циклотронын жеткізуін атап өтті.
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии
"Ядролық физика институтында орнатылған бельгиялық циклотрон – Қазақстанның ядролық медицина инфрақұрылымының маңызды бөлігі және ол әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды радиофармацевтикалық препараттарды өндіру үшін қолданылады", – деді Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиев.
Медициналық радиоизотоптар WWR-K зерттеу реакторы мен Cyclone-30 циклотронының көмегімен өндіріледі. Бұл изотоптар онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалауға, сондай-ақ қалқанша безінің ауруларын (оның ішінде қатерлі ісікті) емдеуге арналған радиофармацевтикалық препараттарды дайындауда негіз болып табылады.
Шара барысында Ұлттық радиоэлементтер институтымен радиоэкология саласындағы ынтымақтастықты көздейтін келісім (IRE) жасалды.
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии
Ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының бірі – актиний-225 радиоизотопын өндіру технологиясын әзірлеу.
13 қазанда Ректорлар форумы аясында Ядролық физика институты мен Гент университеті арасында меморандумға қол қойылуы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға барды
© Photo : Пресс-служба Агентства по атомной энергии
Бұдан бөлек мәртебелі меймандар ат спорты шоуын тамашалап, қазақтың дәстүрлі киіз үйімен танысты.
Сапар барысында түсірілген суреттермен Бельгияның Корольдік сарайы әлеуметтік желілерде бөлісті.