Алматыда бір айдан бері есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды

01.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Видеодан скрин

Жеке тінту барысында одан оқшаулағыш таспамен мұқият оралған ондаған түйіншек тәркіленді. Оның бір бөлігінен марихуана, ал қалғанынан алдын ала мәлімет бойынша синтетикалық есірткі заттары табылды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар кейіннен жасырын орындарға қалдыру үшін дайындалған.

Маңғыстауда есірткі сақтады деген күдікпен 28 жастағы жүргізуші ұсталды

Күдіктінің айтуынша, ол шамамен бір ай бұрын интернет арқылы «жұмыс» тауып, есірткіні жасырын орындарға қалдырумен айналыса бастаған.

«Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер есірткінің жеткізу арнасын, қылмыстық кәсіпті ұйымдастырушыны және заңсыз есірткі айналымына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр», делінген ақпаратта.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью