Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, алғашқы әуеннен-ақ зал ерекше атмосфераға бөленді: мыңдаған домбыра үні бір арнаға тоғысып, дәстүр мен қазіргі мәнерді ұштастырған тұтас музыкалық кеңістікке айналды.
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіФлешмоб репертуарында қазақстандық танымал композиторлардың шығармалары, сондай-ақ күйші-виртуоз Асылбек Еңсеповтің кеңінен танымал туындылары орындалды. Оның шығармашылығы бүгінде ұрпақтар арасындағы алтын көпірге айналған.
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіІс-шараның құрметті қонақтары қатарында сахна жұлдыздары мен Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері болды.
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіФлешмобқа қатысушылардың бірі – №189 мектептің оқушысы Нұрсұлтан Құдайбергенов. Ол осындай ауқымды іс-шараға қатысқанына қуанышты екенін айтып, Қазақстан халқын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.
Музыка пәнінің мұғалімі Қарлығаш Қалмамбетова да бұл бастамаға шәкірттерімен бірге қатысып, бірнеше апта бойы дайындық жүргізгенін атап өтті.
Бұл жетістік тіркеліп, домбырамен ең көп адамның бір мезетте күй орындауы ретінде Қазақстан рекордтар кітабына енгізілді.
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіЕске салайық, бұған дейін Петропавлда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Анатолий Висельский екі саусақпен кермеде тартылып тұру бойынша әлемдік рекордты жаңартқанын жазған едік.
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі