Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 18 маусым - Sputnik. Алматылық тұрғын 990 адамды үйіне заңсыз тіркеген, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Наурызбай ауданында тұрғын сыйақы үшін өз пәтеріне 990 адамды заңсыз тіркеген.
"Резеңке пәтер иесіне "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның бір жылға бас бостандығы шектелді", - дейді прокуратура.
Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтауды ескертеді.