Алматыда бір тәуліктегі жауын шашын қарашаның айлық нормасының жартысына жетті

05.11.2025

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматыда кейінгі тәулікте шамамен 20 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл қараша айына арналған айлық норманың жартысына тең. Алматы коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдерінің мәліметінше, осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметі көлік қозғалысының қалыпты жүруін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмысын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр.

"Көшелерді қардан тазарту жұмыстары 4 қараша күні сағат 20:00-де басталған. Осы уақыт ішінде магистральдар екі рет сыпырылып, жолға көктайғаққа қарсы арнайы қоспалар себілді. Әсіресе, көпірлер мен жолайырықта, өрлер мен жүргінші өткелдері жіті назарда ұсталып отыр", - делінген хабарламада.

Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан таулы аймақтарда кей жерлерде көктайғақ пайда болған. Мұндай тайғақ учаскелер "Алматы Тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен мердігер ұйымдар жедел түрде арнайы қоспа сеуіп жатыр.

"Бұл жұмысқа 900-ден астам арнайы техника және 2500-ден астам жұмысшы, оның ішінде кезекші және патрульдік бригадалар тартылған. Құм себетін машиналар, сыпырғыш техникалар, тиегіштер және қосалқы құралдар қолданылған. Жолды, тротуарды және аялдама маңын тазарту жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Коммуналдық қызмет жол жайын тұрақты түрде бақылап, қажет болған жағдайда қосымша қоспа себеді", - делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайындағы рейстердің жаппай кешігуінің себебі белгілі болған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью