Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Алматыда ұрлықпен айналысқан үш әйел ұсталды.
Алматының полиция департаменті хабарлауынша, олар бір үйдің үш келіні.
Қалта ұрлығына күдікті әйелдер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, адам көп жиналатын орындарды таңдаған.
"Олар базарлар, қоғамдық көлік және халық көп шоғырланған өзге де орындарда ұялы телефондарды, ақша және алтын бұйымдарды ұрлаған", - дейді полицияда.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың Алматы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін.
Тергеу жалғасып жатыр.