Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Соның ішінде 300-ге жуық егіз, ал үш отбасыда үшем дүниеге келді.
Алатау ауданында 62 егіз сәби туған, бұл - ең жоғары көрсеткіш. Одан кейінгі орындарда Түрксіб ауданында - 45 егіз және 1 үшем, Наурызбай ауданында 42 егіз және 1 үшем дүниеге есігін ашты.
Ал Медеу ауданында 36 егіз және 1 үшем, Бостандық ауданында 33 егіз, Әуезов ауданында 30 егіз, Алмалы ауданында 27 егіз, ал Жетісу ауданында 23 егіз сәби тіркелді.
- Қазір баланың тууын тіркеу бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Қызметті проактивті форматта рәсімдеуге болады: бала дүниеге келгеннен кейін бір тәулік ішінде ананың телефон нөміріне 1414 қысқа нөмірінен қажетті деректерді сұрататын құттықтау SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, электронды үкімет порталы және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы рәсімдеуге мүмкіндік бар, - деп хабарлады корпорация филиалы.
Еске салайық, мемлекет тарапынан жаңа туған балаға берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері - бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК, ал төртінші және одан кейінгі балаларға - 63 АЕК. Егіздер, үшем немесе төртем дүниеге келген жағдайда, жәрдемақы әр балаға жеке-жеке қарастырылады.
Бұған дейін Хабиба, Халима және Хамида есімді шымкенттік үшем үйіне шығарылды.