Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды

22.01.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында биыл мерейтойы аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен өнер саласының 16 көрнекті өкіліне арналған көрме ашылды. Олардың қатарында Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Жұбанов, Сайын Мұратбеков және өзге де тұлғалар бар, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Кітапханаға келушілер мерейтой иелерінің өмірбаяны, кәсіби және қоғамдық қызметі жөніндегі мәліметтермен таныса алады. Мәдениет қайраткерлеріне жеке бөлім арналып, олардың театр, кино және музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі таныстырылды.

Көрмені Ұлттық кітапхана оқырмандары жыл бойы тамашалай алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью