Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматыда биыл көппәтерлі тұрғын үйлердегі 105 жеделсатыны ауыстыру жоспарланған, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Жаңартылатын лифтілердің 47-сі 25 жылдан астам уақыт пайдаланылған, ал 58-і техникалық тұрғыдан күрделі жөндеуді қажет етеді.
"Жоба 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазір Алматыда 14,5 мыңға жуық лифт қолданыста тұр. Оның ішінде 8,4 мыңнан астамы 2 671 көппәтерлі тұрғын үйде орнатылған.
Әкімдік мәліметінше, лифтілердің тозу деңгейін ескере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада жыл сайын кемінде 150 жеделсатыны жаңарту қажет.