Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылы биіктігі 5-6 метр болатын шамамен 7,5 мың ірі көлемді ағаш, 38 мың стандартты көшет және 500 мыңнан астам көпжылдық бұта отырғызу жоспарланып отыр.
Көгалдандыру жұмыстары 23 учаскеде жүргізіледі. Олардың қатарында негізгі магистральдық жолдардың бойы, қалаға кіреберістері, өзендердің жағалау аймақтары және қоғамдық кеңістіктер бар.
— 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Алматының дендрологиялық жоспарын әзірлеу, автоматтандырылған суару жүйелерін кеңейту және техникалық суды пайдалануға кезең-кезеңімен көшу көзделген. Жаңа егілетін қылқанжапырақты ағаштардың үлесі 4%-дан 20%-ға дейін артады, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, 2026 жылдың басында еліміздің бес өңірінде көшет өсіретін 6 тәлімбақ салынады.