Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: istockphoto.com
Оның айтуынша, бүгінде мегаполисте 81 қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр. Барлық нысанды 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.
«Биыл екі бес жұлдызды қонақүйдің ашылуын күтіп отырмыз. Бұл – Алматы үшін маңызды оқиға. Өйткені мұндай деңгейдегі қонақүй соңғы рет осыдан көп жыл бұрын пайдалануға берілген», деді басқарма басшысы.
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Ғалия Тоқсейітованың сөзінше, жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында 8 бес жұлдызды және 9 төрт жұлдызды қонақүй бар.
«Қазір біз Hyatt брендімен жұмыс істеп жатырмыз, сондай-ақ Radisson қонақүй желісін де қарастырып отырмыз», деді Ғалия Тоқсейітова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі биыл 400 орынға арналған жаңа студенттер жатақханасының құрылысы басталатындығын мәлімдеген болатын.