Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Оның айтуынша, былтыр Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің 14 отырысы өтіп, онда 33 мәселе қаралып, оның 21-і шешімін тапқан. 109 заңсыз нұсқама мен 264 профилактикалық бақылау нәтижесі жойылып, 80 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Сотта 6 іс қаралып, 48 млн теңге сомасында 8 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 4 әкімшілік іс тоқтатылған екен.
- Біз барлық негізгі көрсеткіш бойынша оң өзгеріс байқап отырмыз. Құқығы қорғалған кәсіпкерлердің саны да артып, қайтқан қаражаттың көлемі де ұлғайып барады. Бұл кәсіпкерлердің өз мүддесін батылырақ қорғай бастағанының белгісі, — деп Еркебұлан Бейімбет.
Ал 2026 жылдың басынан бері кеңестің 5 отырысы өтіп, 13 мәселе қаралған. Сондай-ақ осы кезеңде 2049 кәсіпкердің құқығы 1,3 млрд теңгеден астам сомаға қорғалған және 571 заңсыз өкімнің күші жойыған. Одан бөлек 4 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
- Біз салық органдарының әрекетіне байланысты өтініштерге ерекше назар аударамыз. Құжатты негізсіз талап етіп, шотты бұғаттап, заң бұзбаса да хабарлама жіберген бірнеше дерек анықталды. Мұндай әрекет бизнестің аяғына тұсау болады. Осындай әр іске құқықтық баға беріп, кәсіпкердің құқығын қалпына келтіруге қол жеткіземіз, — деді ол.
Еске салайық, елдегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1577-ге артты.