Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында жеке сот орындаушы мүлікке салынған тыйымды заңсыз алып тастағаны үшін сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуратурасымен жеке сот орындаушының өкілеттігін теріс пайдалану фактісі анықталды.
"Анықталғандай, сот орындаушы борышкердің банк шотына бұрын салынған тыйымды заңсыз алып тастаған, бұл шотта берешекті өтеуге жеткілікті қаражат болған. Осының салдарынан өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілді", - деп жазылған хабарламада.
Наурызбай аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушы өз өкілеттігін теріс пайдалану бойынша кінәлі деп танылды.
Сот орындаушыға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, сондай-ақ сот орындаушы қызметімен айналысу құқығынан айыруға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.