Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Күдіктілер кешкі уақытта қолға түскен. Тінту кезінде олардан жасырын қойып кету үшін дайындалған ұнтақ тәрізді зат салынған 19 орама тәркіленді.
Сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат азаматтардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті саналатын синтетикалық есірткі — альфа-PVP екені анықталды.
Тергеу барысында күдіктілердің интернет арқылы жұмыс істейтін есірткі дүкенінің нұсқауы бойынша әрекет етіп, таратушы рөлін атқарғаны белгілі болды.
— Әрбір жасырып қалдырылған орама үшін төлем цифрлық платформалар мен электронды әмияндар арқылы жүргізілген. Бұл — есірткі бизнесін ұйымдастырушылар өз ізін жасыру үшін жиі қолданатын схема, — деп хабарлады ведомство.
Полиция өкілдері есірткінің заңсыз айналымына, тіпті курьер немесе жасырын қойып кетуші рөлінде болса да, қатысу ауыр қылмыс болып есептелетінін және қатаң жаза бар екенін ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.