Алматыда дәрі дәрмек қажеттілігін нақтылау кезінде 15,8 млрд теңге үнемделді

30.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алматыда 15,8 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін артық сатып алудың жолы кесілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында дәрілік заттармен қамтамасыз ету ісінде ашықтықты және сатып алу заңдылығын сақтауды талап етті.

Ведомство басшысы медициналық ұйымдардың бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынуға тиіс препараттарды өз бетінше сатып алу фактілеріне де ерекше назар аударылып, фармация комитетіне мұндай сатып алулардың заңдылығын тексеру тапсырылғанын айтты.

"Сондай-ақ тегін дәрілік заттардың бөлшек сауда желісінде сатылу фактілерін тексеріп, олардың қозғалыс тізбегін және оған қатысы бар тұлғаларды анықтау, ал заңбұзушылықтар расталған жағдайда заңнамада көзделген шараларды қабылдау қажет", – деді денсаулық сақтау министрі алқа отырысында.

Сонымен қатар дәрілік заттарға деген қажеттілікті қайта нақтылау нәтижесінде 42,5 млрд теңгеден астам сомаға артық сатып алудың алдын алуға мүмкіндік туды. Оның ішінде Алматы қаласы бойынша 15,8 млрд теңге үнемделді.

Жалпы Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің 2026 жылға арналған бюджеті 393,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Сонымен бірге медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 17,66 млрд теңгеге жетті. Жыл басында бұл көрсеткіш 6,12 млрд теңгені құраған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью