Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды

15.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Алматылық дәрігерлер 9-шы қабаттан құлаған қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

17 жастағы қыз көптеген дене жарақатымен ауруханаға түскен. Басында комада болған оның аяқ-қолы ғана емес, омыртқасы мен жамбасы да сынған. Ал көкет жыртылғаннан кейін асқазан, көкбауыр мен ішектің бір бөлігі кеуде жаққа қозғалып кеткен. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, барлық органды құрсақ қуысына қайтарды. Одан кейін көкетті тігіп тастады. Ал көкбауырды кесіп тастауға тура келді.

Пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін дәрігерлер ем-домның келесі кезеңіне - сүйектердің сынған жерлерін қалпына келтіруге кірісті. Орталық қалалық клиникалық аурухананың травматолог дәрігері Дәулет Чукмановтың айтуынша, барлығы төрт операция жасалған. Соның ішінде үшеуі - сүйектерді қалпына келтіру отасы.

"Емдеу шаралары кезең-кезеңмен атқарылды. Алдымен білек, жіліншік, иық пен асық сүйектеріне ота жасалды. Одан кейін жамбастың сынған жерін қалпына келтірдік", - дейді Чукманов.

Операциядан кейін науқас 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Ал 58 күннен кейін үйіне жіберілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью