Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды

13.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі V халықаралық Фараби форумы қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауқымды жиын Үздік студенттік инновациялық жобалар көрмесімен басталды. Форум ашылуында заманауи технологиялардың мүмкіндігі кеңінен қолданылды. Жиылғандарға жасанды интеллект арқылы жасалған Әбу Наср әл-Фарабидің бейнеролигі көрсетіліп, ұлы ғұламаның өсиеті мен ғылыми мұрасы цифрлық нұсқада қайта жаңғырды. Бұл форумның басты мақсаты – өткеннің асыл қазынасын болашақтың инновацияларымен сабақтастыру екенін аңғартты.

Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі

Шараның жабылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев ғылымның ел дамуындағы стратегиялық маңызына тоқталып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымын жеткізді:

«Елдің интеллектуалды қуаты тікелей ғалымдардың идеялары мен зерттеулері, ғылыми нәтижелері арқылы анықталады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшін ғылым – стратегиялық басымдық. Біз іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, жас ғалымдарды қолдауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз» деп атап өтті университет басшысы.

Форумның халықаралық ауқымы Франция, Италия, Польша, Қытай, Түркия, Әзербайжан және Орталық Азия елдерінен келген 105 шетелдік ғалымның қатысуымен айшықталды.

Шараның басты оқиғаларының бірі ретінде Ислам ұйымымен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ислам ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бас директоры Берік Арын университеттің ғылыми әлеуетіне жоғары баға берді:

«Біздің ұйымға 41 мемлекет мүше, басты мақсатымыз – тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. V халықаралық Фараби форумында жасанды интеллект, цифрландыру және тұрақты даму мақсаттарының талқылануы университеттің жаһандық мәселелерге белсенді араласуын көрсетеді. ҚазҰУ-дың заманауи зертханалары мен суперкомпьютер қуаты біздің халықаралық миссиямыз үшін үлкен тірек. Бүгінгі меморандум осы байланысымызды ресми түрде бекітті»,  деп мәлімдеді.

Сонымен қатар мәртебелі мейман форум аясында ғылым жолында алғашқы қадамдарын жасап жатқан бір топ жас ғалымдарға арнайы марапаттар табыс етті.

Фарабитанудың елеулі белесі

Салтанатты шара шетелдік қонақтардың құттықтау тілегімен жалғасты. Болонья университетінің (Италия) профессоры, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы еріктісі Роберто Болтри:

«Бұл форум – ғылым мен мәдениеттің тоғысқан нүктесі. ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу орталықтарымен еркін бәсекелесе алатын әлеуеті бар екеніне кезекті рет көз жеткіздік», деп ризашылығын білдірсе, Бұхара халықаралық университетінің ректоры Шариф Баратов екіжақты академиялық байланыстарды жандандырудың маңыздылығына назар аударды.

Форум барысында Ғылым қызметкерлері күніне орай, университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің еңбегі ерекше аталып өтті. Академиялық ортаны дамытуға қосқан зор үлесі үшін бірқатар ғалымдарға арнайы марапаттар берілді.

Жиын соңында «ҚазҰУ үздік жас ғалымы» мен студенттік бизнес-инкубаторлар байқауының лауреаттары анықталып, басқосу жеңімпаздардың құрметіне арналған салтанатты фотосессиямен тамамдалды.

Дәстүрлі форум аясында үш халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, дөңгелек үстелдер мен воркшоптар сериясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар университеттің барлық факультеттерінде студенттер мен жас зерттеушілердің басын қосқан «Фараби әлемі» конференциясы өтті. Халықаралық платформа қатысушыларға тек ғылыми ізденістерін таныстырып қана қоймай, философия мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, озық тәжірибе алмасуға және жаңа халықаралық жобалардың негізін қалауға жол ашты.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады

Елорда • Бүгін, 17:51

Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді

Оқиға • Бүгін, 17:43

Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады

Туризм • Бүгін, 17:12

Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды

Спорт • Бүгін, 17:03

ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді

Қоғам • Бүгін, 16:53

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Президент • Бүгін, 16:41

Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады

Тағайындау • Бүгін, 16:32

Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды

Ғылым • Бүгін, 16:16

Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

Аймақтар • Бүгін, 16:05

Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды

Есірткі • Бүгін, 15:55

ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті

Спорт • Бүгін, 15:34

Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей рейстер іске қосылады

Қоғам • Бүгін, 15:25

Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты

Волонтер • Бүгін, 15:15

Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді

Спорт • Бүгін, 15:10

Атырау облысындағы тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Аймақтар • Бүгін, 15:03

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью