Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Белгілі болғандай, экспозицияға Димаштың жеке қорынан 70 музыкалық аспап қойылған. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері тарту еткен аспаптар бар. Сонымен қатар көрмеде сахналық костюмдері де ұсынылды.
Көрменің ең әсерлі сәттерінің бірі – Димаш Құдайбергеннің музей қорына өзінің жеке домбыраларын табыстауы болды. Оның бірі – Димаш Құдайбергенге атасы сыйға тартқан бала кезінен серік еткен домбырасы болса, екіншісі әншінің қолтаңбасы бар аспабы музей қорына сыйға тартылды.
Өз кезегінде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы музей ұжымының атынан өнер иесіне қазақтың ұлы ойшылы әрі композиторы Абай Құнанбайұлының домбырасының дәл көшірмесін сыйға тартты.
Көрме 1 ай көлемінде Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24а мекенжайы бойынша орналасқан Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде жалғасады.
Бұған дейін 12 ақпанда Димаш Құдайберген жаңа әнін жарыққа шығарғанын жазғанбыз.