Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оқиға қаланың азық-түлік статын дүкендерінің бірінде болды. Белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасап, оған дене жарақатын салған әрі алтын әшекейін тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен әйелге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияровтың айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, іс материалдарына тіркелді.
- Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр жатыр, - делінген хабарламада.
Осыған дейінАлматыда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жаздық.