Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Алматыда түсірілген видео жергілікті тұрғындарды алаңдатты.
Желіде тараған видеода екі ер адамның көпқабатты тұрғын үйге кіргені, артынан белгісіз біреудің ер адамды иығына көтеріп, подъезден алып шыққаны түсірілген.
Жергілікті тұрғындар көршісінің ұрланғанына күдіктеніп отыр.
Полиция осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Үш күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.