Алматыда екі қабатты ғимарат өртке оранды

07.09.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматыда Ұлжан-1 шағынауданында орналасқан екі қабатты ғимарат өртке оранды. Желіде жантүршігерлік видео тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, «112» пультіне Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ұлжан-1 шағынауданында, Балқұдық көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шақырту нөмірі жоғары тәртіппен ТЖМ күштері жіберілді.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екі қабатты ғимараттың шатыры жанғаны анықталды.

Іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында оқиға орнында өрт сөндірудің жедел штабы құрылған. Құтқарушылар судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, өрт сәтті сөндірілді.

ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью