Алматыда екі жігіт TikTok тағы бейәдеп сөзі үшін қамауға алынды

30.09.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok әлеуметтік желісінен екі азаматтың былапыт сөздер айтқан бейнежазбасын анықтады. Авторлар видеодағы әрекеттерін әзіл ретінде ұсынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты.

Аталған дерек бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция былапыт сөздерді жария түрде қолдану, тіпті “әзіл” ретінде болса да жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью