Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 2025 жылы 23 қарашада 2500 метр ауданды қамтыған алапат өрт сөндірілгенін хабарлады.
"Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлердің тауарлық-материалдық құндылықтарының едәуір бөлігі өрттен аман сақталып қалды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, 23 қарашада Жетісу ауданында жеке тұрған екіқабатты қойма өртеніп, өрт сөндірушілер оқиға орнына жоғары дабыл белгісі бойынша атанған болатын. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам, 21 техника, сондай-ақ Алматы қалалық ТЖД-ның өрт сөндіретін автопойызы тартылды.
Айта кетсек, 2025 жылы 20 қарашада Қызылорда облысында тас жол бойында мұнай таситын техника отқа оранды.