Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Жыл басынан бері Қазақстанда электрсамокаттардың қатысуымен 157 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жол-көлік оқиғалары ең көп тіркелген өңірлер
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, өңірлердегі жағдай айтарлықтай ерекшеленеді.
Алматы жол-көлік оқиғаларының саны бойынша көш бастап тұр. Қалада 8 айға жуық уақыт ішінде электрсамокаттардың қатысуымен 107 апат тіркелді. Бұл еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда әлдеқайда көп.
Екінші орында Астана - 24 жол апаты. Шымкентте 6 оқиға тіркелген.
Облыстар арасында ең көп көрсеткіш Ақтөбе, Атырау және Павлодар облыстарында байқалады - әрқайсысында 3 жағдайдан.
Электрсамокатшылар үшін ең қауіпсіз өңірлерЖамбыл және Қызылорда облыстарында екі оқиғадан болды. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында бір-бір жағдайдан тіркелді.
Бұл ретте Абай, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында электрсамокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.
Осылайша, мұндай апаттардың негізгі бөлігі елдің ірі қалаларына тиесілі. Алматы мен Астананың үлесінде 157 оқиғаның 131-і бар, бұл жалпы көрсеткіштің шамамен 83 пайызын құрайды.
2026 жылы электрсамокаттар үшін не өзгерді?2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа талаптары күшіне енді. Атап айтқанда, жолдың жүру бөлігіне шығу үшін кәмелетке толған болу және жүргізуші куәлігінің болуы міндетті.
Жалға берілетін электрсамокаттар үшін де тіркеу, сақтандыру және операторларға қойылатын қосымша талаптар қарастырылған.
Сондай-ақ биыл 25 тамыздан бастап Қазақстанда электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында жүруіне тыйым салынғанын еске саламыз. Жаңа талаптар туралы толығырақ мына материалдан оқыңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу