Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткен өзіне шабуыл жасады деп шағымданды

17.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткен өзіне шабуыл жасады деп шағымданды. Оқиға Медеу ауданында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz almaty.police парақшасына сілтеме жасап.

Полицияның 102 нөміріне Қонаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде жанжал шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына "Буран-636" патрульдік полиция экипажы жеткен.

Ер адамның айтуынша, бойжеткен оның басынан ағаш затпен ұрған. Кейін ол қыздың соңынан қуған. Полицейлер күдікке ілінген бойжеткенді Мәметова көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында ұстады.

Ал бойжеткен оқиғаның басқаша өрбігенін айтты. Оның сөзінше, ер адам көшеде өзіне тиісіп, мазасын алған. Сондықтан ол өзін қорғау үшін ер адамды ұрғанын жеткізген.
Екеуі де Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір оқиғаның неден шыққаны мен мән-жайы анықталып жатыр.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью