Алматыда ер адам кинотеатрда попкорнға шашалып, қайтыс болды полиция тергеуді бастады

22.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде 29 жастағы ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын полициядан анықтап білді.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде 29 жастағы ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын полициядан анықтап білді.

Не болды?

Кеше әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ер адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

Qaz365.kz мәліметінше, қайғылы жағдай 17 мамырда Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтары біріндегі кинозалда болған. 29 жастағы алматылық азамат жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған болуы мүмкін екені хабарланды.

Марқұмның туыстарының айтуынша, сол күні ол киноға сыныптас қызымен бірге барған.

"Әдеттегідей, сеанс алдында попкорн сатып алған. Соған қақалып қалған. Дәретханаға барып құсып келген соң, "сәл жеңілдеп қалғанын" айтқан. Кейін олар залға кірген, бірақ ол "тамағы қышып тұрғанын" қайталап айта берген.

Бір сәтте ол: "Жүрегім шаншып тұр" деп, сырт киімін қасындағы жолдасына беріп, құлап қалған. Айналадағылар оның жүрегі ұстап қалды деп ойлап, жүрек тұсына массаж жасап, көмектеспек болған. Өкінішке қарай, ол жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды", – деді марқұмның туыстары басылымға.

Полиция не дейді?

Алматы полиция департаменті оқиға бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайтынын атап өтті.

Tengrinews.kz редакциясы сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдады. Материал жарияланғанға дейін жауап келген жоқ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью