Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
видеодан алынған кадр
Ведомство мәліметінше, Райымбек даңғылында тәртіп сақшылары күдік тудырған ер адамды тоқтатып, тексерген. Тінту барысында оның сөмкесінен пышақ пен сыртқы түрі гранатаға ұқсас зат табылған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен сапер мамандары шақырылған. Тексеру нәтижесінде тәркіленген заттың оқу-жаттығу гранатасы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталған.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол бұл заттарды бұрын тауып алған, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін өзімен бірге алып жүрген. Қазіргі уақытта бұл мәліметтің рас-өтірігі тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ полиция ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтады.
Алматы қаласының полициясы тұрғындарды өзімен бірге қауіп төндіруі мүмкін заттарды алып жүрмеуге шақырып, қару-жараққа немесе оқ-дәріге ұқсас күмәнді заттар табылған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарлауды сұрады.