Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Арнайы операция есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы жасағының бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылды.
Жалға алынған тұрғын үйде каннабис тобына жататын өсімдіктерді өсіруге арналған жарықтандыру және желдету жүйесімен жабдықталған арнайы термопалаткалар орнатылғаны анықталды. Тінту барысында есірткісі бар өсімдік бұталары, кептірілген өсімдік тектес зат, тұқымдар, электронды таразылар, орауға арналған материалдары, кептіру және өсіру құрал-жабдықтары, сондай-ақ ұлттық және шетел валютасындағы ақша қаражаты тәркіленді.
Заңсыз өндірісті ұйымдастырды деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сот сараптамалары тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев мұндай деректерді анықтау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
– Біз есірткіні заңсыз өсіру мен таратудың барлық арнасын жүйелі түрде анықтап, жолын кесеміз. Құрамында есірткісі бар заттарды өндіруге бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігі мен жастарды қорғау мәселесі, - деді ол.
Полиция өкілдері мегаполисте есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар жүйелі негізде жалғасып жатқанын хабарлады.
Бұдан бұрын Ақтөбеде ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленгенін хабарлаған едік.