Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімі хабарлағандай, жол апаты 21 наурыз күні сағат 03:30 шамасында Медеу ауданында болған.
"Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі әл-Фараби көшесі бойымен батыс бағытта келе жатып, Мендікұлов көшесімен қиылыста қарсы бағытқа шығып, сол бағытта келе жатқан Mercedes маркалы көлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы сол жерде көз жұмды", – деп хабарлады Алматы полициясы.
Zeekr жүргізушісі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді.
Алматы полициясының мәліметінше, үш адамның өліміне себеп болған жол апаты бойынша қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жалғасуда.
Еске сала кетейік, кеше әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен адам құлап қаза тапқаны хабарланған болатын.