Алматыда итті көліктен сүйреген жүргізушіге іс қозғалды

12.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Онда жануардың көлікке байланғанын және қансырап жатқанын көруге болады. Алматы қаласының полициясы аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп, көлік құралының иесі анықталғанын хабарлады.

- Ол жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алматы қаласы Полиция департаменті жануарларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген дерегі заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, жан-жақты қаралатынын еске салады. Азаматтардың барлық өтініштері назарға алынып, құқық бұзушылар қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, 2022 жылдан бастап елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью