Алматыда кезекте тұрғандарға тағы 2 мыңға жуық жалдамалы пәтер беріледі

30.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Оның айтуынша, 1971 пәтердің 1595-і әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға, ал 376-сы тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған өзге азаматтарға беріледі.

«Осылайша Алматыдағы тағы екі мыңға жуық отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік туады»,  деді Кәмшат Оңалбаева.

Бұған дейін қала әкімдігі «Отбасы банкке» сегіз тұрғын үй кешеніндегі 816 жалдамалы пәтерді үлестіруге берген болатын. Қазіргі уақытта 516 кезекші жалдау шарттарына қол қойып, жаңа баспаналарына қоныстануға дайындалып жатыр. Қалған пәтерлер бойынша келісім алу және бөлу жұмыстары жалғасады.

«Отбасы банк» ипотека талаптарын жеңілдетті

Пәтер алғандардың қатарында 166 жетім бала, 176 мүгедектігі бар азамат, 249 көпбалалы және толық емес отбасы, сондай-ақ мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 135 отбасы бар.

Сонымен қатар Алматыда алғаш рет «жесірлер» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 64 азаматқа жалдамалы баспана бөлінді.

Еске салайық, ақтөбелік әйел алаяқтарға сеніп, пәтерінен айырылып қала жаздады. Алаяқтар әйелдің екі бөлмелі пәтері бар екенін біліп, оны «мүлкіңізді сақтап қаласыз» деген желеумен нарық бағасынан төмен бағаға сатуға үгіттеген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью