Алматыда кімдер тегін тұраққа қоя алады жаңа ережелер жарияланды

07.08.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматыда коммуналдық ақылы тұрақтарды пайдалану ережесі өзгереді. Жаңа нормалар тұрақ ақысын төлеу тәртібі мен үй тұрғындары үшін тегін тұрақ орындарын алуды ғана емес, автомокөліктерді эвакуациялау, сақтау және қайтару ережелерін де реттейді, деп хабарлайды Tengri Auto.

"Тегін тұрақ": кім рәсімдей алады және ол үшін не істеу керек?

Егер сіз тұрғын үйдегі пәтердің, кеңсенің немесе басқа үй-жайдың меншік иесі немесе жалға алушысы болсаңыз, тегін тұрақ құқығын рәсімдей аласыз.

Бұл құқық сіздің үйіңізден немесе ғимаратыңыздан 500 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан таңдалған бір муниципалды тұрақта жарамды. Бұл ретте тұрақ орны нақты бір автокөлікке бекітілмейді - таңдалған аймақ шегінде кез келген бос тұрақ орнын тегін пайдалануға болады.

500 метр қашықтықтың нақты қалай анықталатынын басқарушы ұйым шешеді. Осы ұйым нысанның белгіленген радиусқа кіретінін және иесінің немесе жалға алушының жеңілдікті пайдалана алатынын тексереді.

Тағы кімдер тегін тұрақ орнын ала алады?

Тегін тұрақ құқығын пәтер иесі ғана емес, онымен бірге тұратын жақын туыстары да рәсімдей алады. Ол үшін тұрғын үй иесінің жазбаша келісімі қажет болады.

Егер автокөлік кәмелетке толмаған баланың атына тіркелген болса, тегін тұрақты оның ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері пайдалана алады. Егер мұндай өкілдер бірнешеу болса, қалғандарының жазбаша келісімі талап етіледі.

Тегін тұрақ құқығынан қандай жағдайда айырылуға болады?

Тұрақты мынадай жағдайларда тегін пайдалану мүмкін болмайды:

бұдан былай үй-жайдың немесе көлік құралының иесі болмасаңыз; үй-жайды жалдау шартының мерзімі аяқталса; тіркеу деректерін өзгертсеңіз, мысалы, автокөліктің мемлекеттік нөмірін ауыстырсаңыз, басқарушы ұйым оны сәйкестендіре алмайды.

Сондай-ақ тегін тұрақ құқығын рәсімдеу кезінде жалған мәліметтер көрсетілсе немесе қолдан жасалған құжаттар ұсынылса, бұл құқықтың күші жойылуы мүмкін. Сонымен қатар сот жеңілдік беруді заңсыз деп таныса немесе құқық иесінің өзі одан бас тарту туралы өтініш берсе, жеңілдік тоқтатылады.

Қалалық тұрақ ақысын төлеудің жаңа ережесі

Алматыдағы жаңа ережеде алғаш рет ақылы тұрақтардың минуттық тарификациясы бекітілді. Құжатқа сәйкес, төлем тұрақ сессиясының әр минуты үшін есептеледі.

Бұл ретте тротуарлық тұрақтар үшін 5 минуттық, ал алаң түріндегі тұрақтар үшін 10 минуттық жеңілдік лимиті сақталады. Бұл уақыт жүргізушілерге тек жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, не болмаса тұрақ аумағынан шығып кету үшін беріледі.

Бірақ мұнда маңызды мәселе бар. Құжатта былай делінген:

"Тротуар түріндегі коммуналдық ақылы тұрақ аймағында көлік құралын орналастырудың бес минуттық кезеңінен асқан жағдайда, төлем көлік құралын коммуналдық ақылы тұрақ аймағына орналастырған алғашқы бес минутты ескере отырып, жеңілдікті кезеңнен асқан сәттен бастап жүзеге асырылады", - делінген құжатта.

Басқаша айтқанда, егер сіз тұрақта 15 минут тұрсаңыз, тұрақтың бүкіл кезеңі үшін бірінші минуттан бастап ақы төленеді. Жеңілдікті бес минут тұрақ уақыты белгіленген тегін кезеңнен аспаған жағдайда ғана жарамды.

Автокөліктер қалай эвакуацияланады?

Сондай-ақ жаңа ережеде автомобильдерді эвакуациялау тәртібі жазылған. Көлікті тиер алдында эвакуаторшылар тексеру актісін рәсімдеп, оның жай-күйін тіркеуі, сондай-ақ көшіру процесін фото мен видеоға түсіруі тиіс.

Егер жүргізуші көлік құралын ұстауға негіз болатын заңнама талаптарын бұзса және қасында иесі немесе жүргізушісі болмаса, автокөлік арнайы тұраққа жіберілуі мүмкін.

Сонымен қатар көлікті тұраққа қоюға уақытша шектеу немесе тыйым салынғандықтан көшіруі мүмкін. Мысалы, автокөлік аумақты тазалауға, жөндеу жұмыстарына немесе басқа да іс-шараларға кедергі келтірсе.

"Басқарушы ұйым ... аумақты тазартуға кедергі келтіретін көлік құралдарын мамандандырылған тұраққа жеткізбей, жақын маңдағы бос және тазартылған орынға көшіруге құқылы", - делінген құжатта.

Егер көлік құралы арнайы алаңға жіберілсе, иесі эвакуациялау және сақтау құнын төлеуі керек. Бұл ретте төлем мөлшері Алматы мәслихатының шешімімен айқындалады.

Айта кетейік, тазалауға немесе жөндеуге кедергі келтіретін автокөлік айып тұрағына көшірілмейді. Оны жақын маңдағы бос және тазартылған орынға ауыстыруы мүмкін. Мұндай көшіру де фото және видеоға тіркелуі тиіс.

Мән-жайыы

Үй-жай иелеріне арналған тегін тұрақтар туралы мәселе биылғы маусымда айтыла бастады. Ол кезде жаңа ережелер жобасы қарастырылу сатысында болатын. Ал шілдеді жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа ережесі бекітілді.

"Бұл ретте нақты орын бекітілмейді, бұл тұрғындар мен басқа да қалалықтардың мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Жобада меншік иелері, жалға алушылар және олардың отбасы мүшелері үшін бұл құқықты алу тәртібі егжей-тегжейлі сипатталған", – деді Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев.

Естеріңізге сала кетейік, үй маңындағы тегін тұрақтар мен минуттық тарификация жаңадан ойлап табылған шешім емес. Мұндай жүйені 2025 жылы Астанада енгізе бастады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью