Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Экспозиция Қазақ КСР-нің Халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығына және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтің 80 жылдығына арналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шара аясында қазақ өнерінің дара тұлғасына арналған «Кәукен Кенжетаев» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл еңбек – архив деректеріне негізделген, өнер иесінің шығармашылық жолын, өмір белестерін және ұлттық мәдениетке қосқан зор үлесін айқындайтын құнды басылым. Кеш барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртістері өнер көрсетті.
Көрмеде Меңтай Өтепбергеновтің жеке коллекциясындағы заттар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Олардың қатарында 1931-1970 жылдар аралығында жарық көрген 200-ге жуық киноафишалар мен 1932-1990 жылдар аралығында шығарылған фотокамералардың бірегей үлгілері, ашық хаттар, кино журналдары мен фотоматериалдар бар.
Кеш соңында Кәукен Кенжетаевтің қатысуымен түсірілген «Гауһар тас» фильмінің өңдеуден өткен, жаңартылған нұсқасы алғаш рет көрсетілді. Сонымен қатар талантты актер Меңтай Өтепбергенов басты рөлді сомдаған «Странный мир желаний и надежд» фильмінің көрсетілімі өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.