Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алматыда Сейфуллин және Райымбек даңғылдарының қиылысында автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасынан кейін ер адам көліктен шығып, жасөспірімге «қарды бас, ауырмайды» деп қар беріп, оқиға орнына тастап кеткен. Зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
Алматы қалалық Полиция департаменті жол апаты болғанын растады әрі жүргізушінің іздестіріліп жатқанын хабарлады. Іздеу жұмыстарымен Әкімшілік полиция басқармасының іздестіру бөлімі айналысуда, ал тергеуді Алмалы аудандық полициясы жүргізіп жатыр.