Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы Бостандық ауданында қасақана жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода көлік жүргізуші мен қасындағы жолаушының әрекеті түсіп қалған.
Олар жоғары жылдамдықпен жол бойындағы көліктерді қағып өтіп, бой тасалауға тырысады. Бейнежазбада жолаушы жүргізушіге ұстатпай кетуге кеңес беріп отыр. Бостандық аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.
"Оқиғаға қатысы бар барлық алам анықталды. Олардың әрекеті мұқият зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Жағдай бақылауда", - дейді ведомство.