Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Алматыда Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі студенттерінің құқықтары бұзылған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Студенттер мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығындарының өтемақысын алмаған.
Жалпы қарыз 50 млн теңгеге жеткен.
"Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, берешек толығымен өтелді", - дейді прокуратура.
676 студенттің құқықтары қалпына келтірілді.