Алматыда көмір мен құрылыс қалдықтарына қатысты экологиялық бақылау күшейтіледі

18.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қала әкімдігінің мәліметінше, құрылыс саласы мен көмірді пайдалану мәселесіне баса назар аударылды. Кеңес барысында құрылыс қалдықтарын басқаруды тәртіпке келтіру және экологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейту міндеті қойылған.

– Алматы облысында құрылыс қалдықтарын жинау мен өңдеуге арналған арнайы инфрақұрылым қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл қадам қалдықтарды ретсіз төгудің алдын алып, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, Сонымен қатар құрылыс саласын толық цифрландыру көзделіп отыр, бұл ашықтықты арттырып, бақылау тетіктерін тиімді етеді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Сонымен қатар құрылыс алаңдарындағы экологиялық тәртіп те назардан тыс қалмады. Міндетті талаптардың қатарында – аумақтарды жүйелі түрде суару және шаңның пайда болуын азайтатын шараларды қолдану бар. Бұл құрылыс секторының ауа ластануына қосатын үлесін төмендетуге мүмкіндік бермек.

Фото: Алматы әкімдігі

Қалада көмірді пайдалану мәселесі де жеке қарастырылды. Ауаға зиянды шығарындыларды азайту мақсатында көмірдің қалаға жеткізілуін шектеу тетіктері талқыланып жатыр. Соның ішінде көмірді сату орындарын қала аумағынан тыс жерлерге көшіру және оны пайдалануды қысқарту мүмкіндігі бар.

– Қабылданған және қарастырылып жатқан шаралар ауаның ластану деңгейін кезең-кезеңімен төмендетуге, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және Алматыда қалдықтар мен отын ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған, - деп түсіндірді әкімдіктен.

Еске салайық, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін Алматы әкімдігі тозығы жеткен автокөліктерді сатып алуды жоспарлап отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью