Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

25.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматыда 24 ақпан сағат 09:00–ден қазірге дейін қалың қар жауып жатыр. Бүгін сағат таңғы 8:00-дегі мәліметке сәйкес, жауған қардың қалыңдығы 17 сантиметрге жетті.

Фото: Алматы әкімдігі

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерге мұзға қарсы материалдар себіліп жатыр.

Қар тазалау жұмыстарына 75 жедел бригада, 2710 жол қызметкері және 1225 арнайы техника жұмылдырылған. Қаланың магистральдық көшелерінде 203 аралас жол техникасы тартылған. Түнгі сағат 01:00–ден бастап жол-патрульдік полицияның бақылауымен 26 колонна қарды жол жиегіне ысыру жұмыстарына кіріскен.

Фото: Алматы әкімдігі

Сағат түнгі 2:00–ден бастап 95 шағын габаритті техника тротуарлар мен қоғамдық кеңістіктерді механикаландырылған тәсілмен тазалап жатыр. Сонымен қатар аялдамалар, жерасты және жерүсті өткелдері, баспалдақтар мен пандустарды жұмысшылар тазалап жатыр.

— Қала көшелері мен жолдардың жағдайын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Қар толық тоқтап, ауа райы тұрақталғанға дейін жұмыс үздіксіз жалғасады, — деп хабарлады ведомстводан.

Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелгенін жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью